Аңдатпа

Қазақстанда 23 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана зимой
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 23-25 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

23 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 - Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу ​​мәселелерін үйлестіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру брифингі. Спикерлер: сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Әсем Нұрмағамбетова, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина, ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарығы, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры Ержан Төлеутаев.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

НҰР-СҰЛТАН

11.00- "Елбасы елімен бірге" альбомының тұсаукесері мен Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған "Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастаған "Қазақстан жолы" жобасының аясында өткізілмек. Өтетін жері: Бейбітшілік, 11. Аккредитация  22 қараша 18.30-ға дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасында жүргізіледі.

17.00 - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ТүркПА хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегациясы ресми сапармен келеді. Өтетін жері: (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А).

Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы (TURKPA) ынтымақтастық меморандумына қол қояды. 

Аккредитация 23 қараша күнгі сағат 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасында жүргізіледі.

19.00 – "Chamber Music Stars" спектаклі ("Астана Опера"театры, Камералық зал, Қонаев, 1).

19.00 – "Қиянат" спектаклі ("Жастар"театры, Есенберлин, 10).

19.00 – "Снежное шоу Славы Полунина" (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтурсынұлы, 25/1).

АЛМАТЫ

17.00 - Қойылым алдында БАҚ өкілдері үшін брифинг өтеді.  23-26 қараша аралығында Алматы қаласындағы "Арман" кинотеатрында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген қысқа метражды, анимациялық және деректі фильмдердің ShortAnimaDoc атты көрсетілімі өтеді. Келушілер үшін кіру тегін. Өтетін жері: "Арман" кинотеатры, Достық, 104. Қосымша ақпарат үшін: +7 (708) 112 00 96, Диана Тұрсын. БАҚ үшін байланыс телефондары: + 7 777 225 70 27, Светлана Мищенко, + 7 707 347 83 59, Жангелді Өмірәлиев).

18.30 – "Шағала" спектаклі (Ғабит Мүсрепов атындағы театр, Абылай хан, 38).

18.30 – "Мани, мани" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай, 103).

19.00 – "Мой папа меня догоняет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь, 40).

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "БАРЫС GENERATION" сериалының алдын ала көрсетілімі. Шараға "Хабар" агенттігінің өкілдері мен түсірілім командасы қатысады. Фильмнің сюжеті туралы: сериал хоккейдің қыр-сырын ашады, фильмнен көрермендер мұз айдыныдағы жетістіктің артында қаншалықты еңбектің жатқанын біледі. Фильмнің хабар арнасындағы тұсаукесері 1 желтоқсанда сағат 22.30-да өтеді.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

 

 

 

Жаңалықтар
0