Елорда тынысы

Елордада оң және сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды

Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде хабарлады.

Көлгінов қала жолдарында кептелісті азайту үшін жаңа көпірлер мен көлік жолайрықтарын салу, автобус жолақтарын қосымша іске қосу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

"Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Бұған дейінгі сот процесі құрылыс жұмысы мен мерзіміне айрықша әсер етті. Қазір проблеманың бәрі шешіліп, көпір құрылысы басталды", - деп жазды әкім Instagram-да.

Айтуынша, жаңа көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалы ауданын, Әзірет Сұлтан мешіті ауданын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Байтұрсынов көшесін, Қордай көшесін, Айнакөл көшесі мен Момышұлы даңғылын сол жағалаумен байланыстырады.

Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеме 20%-ке дейін төмендейді деген болжам бар.

Әкімдік көпір құрылысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Көлгінов Ұлы дала даңғылында да көпір салынып жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғындарына енді Бурабайға барудың қажеті болмайды – бас архитектор

Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, "Мыңжылдық" аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман елді мекеніне, Метро гипермаркеті ауданына, Промышленный елді мекеніне, Жұмабаев даңғылы мен Жүргенов көшесіне баруды жеңілдетеді.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, биыл және былтыр 300-ге жуық көше салынып, жөнделді. Олардың жартысынан көбі елді мекендерде орналасқан.

Сондай-ақ жаңа бағыттар, автобус желілері іске қосылды, автобус паркі жаңартылып жатыр.

Мұның бәрі тұрғындарға қала ішінде ыңғайлы қатынауға, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді, деп түйіндеді Көлгінов.

Жаңалықтар
0