Әлем

Белгілі әртіс ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Әртіс Нина Русланова ұзаққа созылған дерттен кейін 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Белгілі кеңес және ресейлік әртіс Нина Русланова ұзаққа созылған сырқаттан кейін 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы РИА Новости Ресей киносы актерлері гильдиясының директоры Валерий Гущинаға сілтеме жасап хабарлады.  

"Шынымен де, бүгін 21 қарашада 76 жасқа қараған шағында РФ халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нина Ивановна Русланова өмірден өтті", - деді Гущина.

Нина Русланованың өмірбаяны

Нина Ивановна Русланова 1945 жылы 5 желтоқсанда Харьков облысы Богодухов қаласында (Украина) туған. Балалар үйінде тәрбиеленді.

1960 жылы құрылыс училищесін тәмамдады, сылақшы болып жұмыс істеді. Кейін Харьков театр институтына оқуға түсті.

Екі жыл оқыған соң, Мәскеуге көшіп, Б. В. Щукин атындағы Театр училищесіне (қазір — институт) түсті. Леонид Филатов, Александр Кайдановский, Иван Дыховичный, Ян Арлазоровпен бір курста оқыды.

1969 жылы училищені тәмамдағаннан кейін Нина Русланованы бірден Мәскеудің бірнеше театры шақырды.

Нина Русланованың алғаш түскен фильмі – "Короткие встречи". Ол 1967 жылы бұл кинотуындыда Надежданың рөлін сомдаған.

Жалпы актриса 80-нен астам фильмге түсті. Олардың арасында "Познавая белый свет" (1978), "Среди серых камней" (1983), "Мой друг Иван Лапшин" (1984), "Хрусталев, машину!" (1998); "Егор Булычов и другие" (1973), "Афоня" (1975), "Слезы капали" (1983),  "Не стреляйте в белых лебедей" (1980),  "Будьте моим мужем" (1981),  "Завтра была война" және тағы басқалары бар.

Нина Русланова — Ресейдің халық әртісі (1998), ағайынды Васильевтар атындағы РКФСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), Т. Шевченко  атындағы Украина КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1988).

Актриса заңгер әрі кәсіпкер Геннадий Рудаковқа ресми түрде тұрмысқа шыққан, Олеся есімді қыздары бар. Ал екінші күйеуі оператор Рафкат Габитовпен әртіс ұзақ жылдар бойы азаматтық некеде тұрды.

Жаңалықтар
0