Оқиға

Алматыдағы трагедия: 9-қабаттан секірген әйелдің көршісі отбасы туралы айтты

© Sputnik / СтрингерТрагедия разыгралась под окнами этого дома
Трагедия разыгралась под окнами этого дома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Алматыда терезеден үш баласымен бірге секіріп кеткен жас келіншектің көршісі отбасының жағдайы жақсы болғанын айтты.

"Мен өзім сол кіреберісте тұрамын. Бірақ үйім екінші қабатта, ал жоғары тұратындарды көп біле бермеймін. Олардың пәтер жалдап тұрғанын білемін: күйеуі, әйелі және үш баласы. Екі үлкен қызы және кішкентай ұлы болған", - деді сол үйдің бір тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Көршінің айтуынша, ерлі-зайыптылардың көшіп келгеніне көп болған жоқ.

"Нақты қай кезде көшіп келгенін білмеймін. Бірақ жаздан бері тұрған. Қыздары дүкенге барып жүретін. Жақсы қыздар еді, үсті-басы тап-таза. Отбасы да дұрыс болған", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Балаларымен бірге терезеден секірген марқұмның өлер алдындағы хаты табылды

Әйел мен үш баланың өлімі

22 қараша Алматыда әйел үш баласымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті. Трагедия "Жетісу" ықшам ауданында болған. 28 жастағы әйел мен 2015, 2016 және 2019 жылы туған балалары көз жұмды. Келіншек пен оның екі баласы оқиға орнында қайтыс болса, бір бала ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

© Sputnik / СтрингерӘйел үш баласымен секіріп кеткен тұрғын үй
Алматыдағы трагедия: 9-қабаттан секірген әйелдің көршісі отбасы туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Әйел үш баласымен секіріп кеткен тұрғын үй
Жаңалықтар
0