Қоғам

Қазақстанның екі облысында тас жолдар жабылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Екі өңірде – қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Ведомство жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ақтөбе облысында 21 қараша сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жолдың дұрыс көрінбеуі) "Самара-Шымкент" автожолының 526 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Атап айтқанда, Құршасай ауылы мен БҚО шекарасы арасындағы "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" 160-330 шақырымы, Шұбарқұдық ауылы мен Атырау облысы шекарасы арасындағы учаске жабылды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да таңертеңнен бастап "Самара-Шымкент" автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысы шекарасында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу қойылды.

Ведомство ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Егер төтенше жағдай болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0