НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Қазақстанда қараша айының үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді.