Денсаулық

Дәрігер күйзеліс шақыратын азық-түлік өнімдерін атады

© SputnikАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Маман қатты шаршап тұрғанда кофені көп ішпеуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Дұрыс тамақтанбау ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуына ғана емес, күйзеліске де әкеп соғады. Бұл туралы "Москва 24" телеарнасының эфирінде дәрігер-диетолог, эндокринолог Виктор Жиляев мәлімдеді.

Айтуынша, бұл жерде, ең алдымен, майлы тағамдар жайлы сөз қозғалып отыр: шошқа еті, қой еті, жартылай фабрикат және кейбір қышқыл сүт өнімдері.

Мәселен, қызыл етті қорытуға көп энергия жұмсалады. Оның орнына бұл энергияны жүйке жүйесін қалпына келтіруге бағыттауға болар еді. Бұған қоса, мұндай тамақтағы зиянды элементтерді де естен шығармаған жөн.

"Жануар майларына бай өнімдердің құрамындағы холестерин күйзеліс тәуекелін 40%-ке арттырады. Мұны анализ жүргізген ғалымдар анықтады",— деп түсіндірді Жиляев.

Дәрігер қантты көп пайдаланбауға шақырды: қанда инсулин мен глюкозаның ауытқуынан адамның көңіл-күйі алдымен жасқарып, кейін күрт нашарлауы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады

Сондай-ақ, маман қатты шаршап тұрғанда кофені көп ішпеуге, ұннан пісірілген өнімдерге әуес болмауға кеңес берді. Себебі екеуі де адамның денсаулығына кері әсер етіп, күйзеліске ұшыратуы мүмкін.

Диеотолог балама ретінде жерорта теңіздік диетаны ұстауды ұсынды. Оның негізін балық, теңіз өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс және өсімдік майлары құрайды.

Жаңалықтар
0