НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. 19 қарашада Екібастұз ГРЭС-1 стансасында қуаты 500 МВт №5 блок апатты жағдайда өшті, 20 қарашада осы стансадағы қуаты 500 МВт №8 блоктың жұмысы апатты жөндеу жүргізу үшін тоқтатылды, деп хабарлады "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Екібастұз ГРЭС-1-дегі екі блоктың апатты жағдайда өшірілуіне байланысты өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беру шектеледі.
"Екі блоктың істен шығуынанан 20 қарашада Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде электр қуатын өндіру көлемі 1000 МВт-ға дейін төмендеді. Бұдан Бірыңғай электр энергетика жүйесіндегі қуат дефициті 1500 МВт-дан астам деңгейіне жетті", - делінген компания таратқан ақпаратта.
Компания мәліметніше, мұндай жағдай Ресей энергия жүйелерінің шекарасында қуаттың шекті деңгейінен төмендеп кетуіне, мемлекетаралық электр беру желілеріне түсетін жүктеменің артуына және қайталана беретін апат қатерінің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
"Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде генерацияның төмендеуі салдарын барынша азайту және ұдайы қайталанатын апаттарды болдырмау үшін "KEGOC" АҚ энергетика министрлігінің келісімімен, өңірлік электржелісі компанияларымен бірлесе отырып өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беруді шектеді. Шектеуге енген тұтынушылар тізімі жергілікті атқарушы органдармен келісіді", - делінген хабарламада.