АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы орталық көшеде кәріз құбыры жарылды.
Таңертеңнен бастап Түркістан көшесінің Сығанақ көшесінен Достық көшесіне дейінгі бөлігін полиция қоршап тұр, жолды су басты.
Куәгерлердің айтуынша, Түркістан көшесі маңында таңғы сағат 8-де көлік кептелісі басталды. Сағат тоғызда көктайғақ пайда болды, жол техникасы қызу жұмыс істеп, құм сеуіп жатыр.
Көшенің бұл бөлігінде қорғаныс министрлігінің ғимараты, Ritz-Carlton қонақүйі, ірі бизнес-орталықтар мен тұрғын үйлер орналасқан.
Sputnik Қазақстан тілшісі коммуналдық апаттың себебін әкімдіктен сұрады.
Айта кетері, 19 қарашаға қараған түні астанада ауа температурасы -23 градусқа дейін төмендеді.