НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Ресейлік әнші Марина Хлебникова өрт кезінде зардап шекті.
Ол медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлады РИА Новостиге жедел қызмет өкілі.
Әнші Марина Хлебникова
© Sputnik / Александр Поляков
/ Өрт Мәскеуде Ратная көшесіндегі үйдің төртінші қабатында болған. Өрт аумағы - 10 шаршы метр.
"Бес адам құтқарылды, екеуі дәрігерлерге тапсырылды. Тілсіз жау сағат 22:51-де сөндірілді", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ауруханаға жеткізілген әншіге "улану" диагнозы қойылып отыр.