Қоғам

Нұр-Сұлтанда мемлекетке 900 млн теңге шығын келтірген әйел сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Елорда тұрғыны бюджетке тоғыз жүз миллион теңге салық төлемеген, сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген әйел сотталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша "АйДи Строй 2030" ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында ЖШС атынан түрлі компаниялармен жалған мәміле ресімдегені анықталды. Соның салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен елордалық әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0