Қоғам

Қазақстан мен Армения вакциналау паспортын өзара мойындады

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Армения вакцинациялау паспорты Қазақстанда танылған 17-ші мемлекетке айналды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Армения COVID-19 вакцинациясының паспортын өзара тану туралы келісімге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Алексей Цой Арменияның денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрліктердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады.

Армения вакцинациялау паспорты Қазақстанда танылған 17-ші мемлекетке айналды.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта 2024 жылға дейін қамтамасыз етілуі тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс – шаралар жоспары талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан денсаулық сақтау министрі әріптестерімен бірге Эребуни медициналық орталығына барды, ол елдің ең ірі медициналық мекемесі болып табылады, онда халыққа әлемдік стандарттарға сәйкес көп бейінді, жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Қазақстан аумағында қандай елдердің вакциналау паспорты жарамды

Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағында келесі елдерде берілген азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың паспорты  жарамды: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0