НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Ақсу қаласында 72 жастағы әжей үйде отырып жанжал шығарып, тіл тигізген ұлының үстінен полицияға шағым түсірген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Зейнеткер психологиялық және моральдық қысым көрсеткен ұлын сабасына түсіру үшін шара қолдануды сұраған.
"Учаскелік полиция инспекторы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша ашулы жігітке әкімшілік хаттама толтырды. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге, онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салады, - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін ұлы қайтадан жанжал шығарып, сол арқылы қорғаныс бұйрығының талабын бұзған. Осыдан кейін ол қайтадан 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар оған ерекше талаптар қойылған.
"Ерекше талаптарды қолдану мерзімі ішінде құқық бұзушы полиция органдарына айына бір реттен төрт ретке дейін келуге міндетті. Құқық бұзушы сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: