НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. "Қазақфильм" жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жаңа бейнеролик түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жемқорлар туралы роликті "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев ұялы телефон камерасына түсірген. Жанр өзгеріссіз қалды, алайда бұл жолы жемқор шенеуніктер туралы роликте "Хватун" есімді жаңа кейіпкер пайда болды.
"Кезекті роликпен осы мәселеге назар аударып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайтуға үлес қосқымыз келеді", - деді Ақан Сатаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін "беруны мен несуны" және "беруны мен лизуны" жайлы түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған болатын.