Қоғам

Қазақстанда қанша Қытай азаматы жұмыс істейді

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Китая
Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдар рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жүр, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Еңбекші мигранттар келетін негізгі елдер: Қытай – 4 068 адам,  Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 және Ұлыбритания – 1 047 адам.

"Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімше басшылары). Елдегі шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған.

Еске сала кетері, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ті немесе 29,3 мың адамды құрады.

Жаңалықтар
0