Қоғам

Президент министрлікке жұмысқа тұруды "алынбас қамалға" теңеді

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Қазақстан атынан шет елдерде қызмет етіп жүрген дипломаттар шет тілдерін ғана емес, ең алдымен, қазақ тілін білуі керек, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігіне кадр саясатын түбегейлі өзгертуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыру сыртқы саяси ведомствоға қойылатын маңызды міндет екенін айтты. Тоқаев дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет деп санайды.

"Білікті мамандардың сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретіп жатыр. Бұл шын мәнінде өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Оның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен, жағымсыз жағы да жоқ емес. Білімді, білікті әрі елге адал қызмет еткісі келетін жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру алынбас қамалдай", - деді Тоқаев СІМ кеңейтілген алқа отырысында.

Сондықтан, президенттің сөзінше, бұл ахуалды түзеп, кадр саясатын түбегейлі қайта қарайтын кез келді.

Мемлекет басшысы дипломатиялық қызметке көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл мамандар қажет екенін қадап айтты.

Қазақстан атынан шет елдерде қызмет етіп жүрген дипломаттар шет тілдерін ғана емес, ең алдымен, қазақ тілін білуі керек, деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0