Саясат

Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесінің саммиті өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан ночью
Виды города Нур-Султан ночью - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Кеңес Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Келесі жылы астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің VI саммиті өтеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Келесі жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 30 жыл толады. Осыған орай елордада кеңестің VI саммиті өтеді.

"Бұл жиынды ұйымдастыру үшін сыртқы істер министрлігі ауқымды жұмыс атқаруы керек. Біз бұл кеңесті біртіндеп құрлықтағы Қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыруды көздейміз", - деді Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Президент Қазақстан дипломатиясы көптеген мәселені, тіпті, аса күрделі халықаралық түйткілдердің өзін мәміле арқылы шешуге мүдделі екенін атап өтті. Айтуынша, бұл тәжірибе жылдар бойы қалыптасқан және оң нәтиже көрсетіп отыр.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясын алғаш рет 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

Кеңес Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Жаңалықтар
0