Спорт

"Астана" футбол клубы бюджетін жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевАбзал Бейсебеков и Абат Аймбетов бегут впереди коллег по команде на тренировке ФК "Астана"
Абзал Бейсебеков и Абат Аймбетов бегут впереди коллег по команде на тренировке ФК Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сарапшылар "Астана" футбол клубы бюджет көлемі бойынша Қазақстан чемпионатында алғашқы үштікке кіретінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша — Sputnik. "Астана" футбол клубының биылғы бюджеті 5 миллиард теңгені құрады.

"Бірқатар БАҚ-та "Астана" футбол клубының бюджеті 15 миллиард теңге екені туралы ақпарат жарияланды. Бұл сома асыра сілтеніп отыр. Клубтың 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңге", - делінген клубтың хабарламасында.

Сарапшылар "Астана" футбол клубы бюджет көлемі бойынша Қазақстан чемпионатында алғашқы үштікке кіретінін айтты.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша "Астана" "Тобылдан" кейін екінші орынға тұрақтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" футбол клубының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүргізуде.

Ведомство сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" ФК басшылығының өтініші бойынша клубтың ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша бұрынғы басшылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Футболшылардың (легионерлердің) агенттеріне сыйақы төлеу арқылы ақшалай пайда табу жайттары тексеріліп жатыр", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Бірақ тергеу құпиялылығына байланысты тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбады.

Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде "Астана" ФК төңірегінде жанжал туындағаны туралы ақпарат  пайда болған.

Telegram арна мәліметтері бойынша, 2018 жылдан 2021 жылға дейін жалған агенттік келісімшарттар жасау арқылы ақша ұрланған.

Биыл тамыз айында клубтың бас директоры ауысты. Қазіргі уақытта бұл қызметті Тастанбек Есентаев атқарады.

Жаңалықтар
0