Өңірлер

Алматыда қалың қар жауды – видео

Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Түнде қар тазалау бойынша 491 арнайы техника, оның ішінде 183 құмшашқыш және 423 қызметкер жұмыс істеді

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Алматыда 17 қараша түстен бері қалың қар түсті. 18 қараша түнгі үшке дейін таулы аудандарға 22 см, тау бөктеріне 12-17 см, қалаға 7-9 см қар түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Алматы тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, қар басталғалы 191 құмшашқыш күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 2 400 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

"Қарды сыпыру, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамасын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар күреу колонналары ұйымдастырылған. Оларға полицияның патрульдік машиналары еріп жүреді", - деп хабарлады басқарма.

17 қараша сағат 21.00-ден бастап қар шығарылып жатыр, таңға дейін 230 текше метр қар шығарылды.

Түнде қар тазалау бойынша 491 арнайы техника, оның ішінде 183 құмшашқыш және 423 қызметкер жұмыс істеді.

© Photo : Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіҚазір қалада қар тоқтады, көшелерде кептеліс жоқ
Алматыда қалың қар жауды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Қазір қалада қар тоқтады, көшелерде кептеліс жоқ

18 қараша таңертең 554 арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланған.

Қазгидромет болжамы бойынша қар 18 қарашада қар жаумайды, ауа температурасы күндіз 0°C, түнде -2°C болады. Ал 19 қарашада жауын-шашын жауады.

Қазір қалада қар тоқтады, көшелерде кептеліс жоқ.

Жаңалықтар
0