Өңірлер

Шымкент тұрғыны көшеде келе жатып есінен танып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевПешеходы на улицах столицы
Пешеходы на улицах столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Оқиға 18-қарашада сағат 8.00 шамасында Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Шымкентте полиция қызметкерлері бейнебақылау көмегімен көшеде есінен танып құлаған азаматқа көмектесті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан тұрғын өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Оқиға 18-қарашада сағат 8.00 шамасында Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында болған.

Қал тұрғынының құлаған сәті Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Мұны байқаған қызметкерлер дереу сол жерге аттанды. 

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан соң жедел жәрдем қызметін шақырған.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0