Экономика

Досаев елде инфляцияның өсімі тоқтағанын мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Инфляция 2023-2024 жылдары 4-5 процент, ал 2025-2026 жылдары 3-4 процент деңгейінде болады, деді ұлттық банк төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2022 жылы инфляция төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет пен ұлттық банктің үйлескен іс-қимылы нәтижесінде қазанда алты ай бойы көтерілген жылдық инфляцияның өсуі тоқтады. Инфлицияға қарсы жүйелі шараларды одан әрі іске асыру 2021 жылғы инфляцияны 8,5 процентке дейін тұрақтандыру, ал 2022 жылы 4-6 проценттік дәлізге кіруге мүмкіндік береді", - деді Досаев сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалану қарастырылған. Бұдан бөлек, өнімдерді форвардтық сатып алу іс-шаралары бар. Осылайша биыл инфляция 8,5 проценттен аспауға тиіс.

"2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, инфляция біртіндеп төмендеп, 2023-2024 жылдары 4-5 процент, ал 2025-2026 жылдары 3-4 процент деңгейінде болады", - деп атап өтті Досаев. 

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, инфляцияны 3 процентке дейін төмендету үшін қазіргі іс-шаралар аздық етеді. Оған қоса, экономиканы одан әрі әртараптандыру және импорт тауарларына тәуелділікті төмендету аясында жүйелі жұмыстарды жандандыру қажет.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0