Ресейде 1941 жылы қаза тапқан қазақ жауынгеріне естелік тақта орнатылды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуГвоздика у мемориала памяти жертв политических репрессий, архивное фото
Гвоздика у мемориала памяти жертв политических репрессий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Ақтөбе облысының тумасы Дүйсембай Кавкаев Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу түбінде қаза болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Ресейдің Калуга облысында Мәскеуді қорғаған ақтөбелік Дүйсембай Кавкаевқа арналған естелік тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы оның немере інісі Ерлан Кавкаев Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ерлан (@yerlan2410)

Естелік тақтаны ашу құқығы "Красная гвоздика" клубының мүшесі Владимир Толмачев пен Кавкаевтар әулетінің өкілі Ерлан Кавкаевқа берілді. Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Митингіде Қазақстан өкілдері "Беспокойные сердца" жасағының жауынгерлері Олег Васков пен Елена Борисоваға "312-атқыштар дивизиясына 80 жыл" медалін табыс етті.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ерлан (@yerlan2410)

"Біз 1941 жылы қазанда Мәскеу түбінде қаза тапқан немере атамның есімі жазылған естелік тақта орнаттық. Іс-шара 312-атқыштар дивизиясының белгісіз сарбаздарының сүйегі жерленген Калуга облысы Афанасово ауылында өтті", – деді Ерлан Кавкаев.

Сондай-ақ ол отбасында Дүйсембайдың соңғы хаты сақталғанын атап өтті, онда жауынгер ертең ұрысқа аттанамыз деп жазыпты.

"Осы шайқас ол үшін соңғысы болуы мүмкін. Осындай игі жұмысты атқарып жатқан баршаға алғыс айтамын. Енді біздің әулетіміздің қаза болған жауынгерлер мен Дүйсембай атамызға келіп, тағзым ететін орны бар", - дейді батырдың немере інісі.

Жаңалықтар
0