Өңірлер

Қызылорда облысында қой бағуға кетіп жоғалған 11 жастағы бала табылды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиОвцы, животноводство, иллюстративное фото
Овцы, животноводство, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге ауыл тұрғындары, әкімдік қызметкерлері, шекарашылар және ​арнайы техника​ жұмылдырылған

ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында қой бағуға шығып, боранда жоғалып кеткен 11 жастағы бала табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

16 қарашада Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауыл округінің Ажар ауылында 11 жастағы бала жоғалып кеткен. Ол сағат 09:10 шамасында есекке мініп, елді мекеннің шамамен 200 бас қойын бағуға шыққан. Қойшы бала ауылдың шығыс беткейіндегі 10-15 шақырым қашықтықтағы "Үш ағаш" деген жайылымдық жерге қарай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған. ​ ​

Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына ауыл тұрғындары, жедел құтқару қызметі, ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері, шекарашылар және арнайы техника​ жұмылдырылған.​ Іздеу жұмыстары облыс полициясы департаменті бастығының қатаң бақылауында болды. ​ ​ ​

17 қараша сағат 11:20 шамасында Қазалы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Еркін Жақсылықов пен оның көмекшісі Самалбек Нысанбаев ауыл тұрғындары, шекарашылар, әкімдік қызметкерлерімен ​бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жайылымдықтан 15 шақырым жердегі сайдың ішінен баланы аман-есен тапты. Қой бағуға шыққан бала бүкіл малды да аман сақтаған. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

"Қазіргі уақытта бала ата-анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп​ төніп тұрған жоқ. Полицейлер оның ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – дейді Қызылорда облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Баланың ата-анасы іздестіру жұмыстарына белсене атсалысқандарға алғысын айтты.

Жаңалықтар
0