Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Қазақстан аруы – 2021" байқауы қалай өтті – фото

Жазылу
Алматыда 16 қарашада "Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауының финалы өтті. Байқау тарихында алғаш рет бірден үш бойжеткен жеңіске жетті

Енді үш жеңімпаз Қазақстан намысын халықаралық сұлулық байқауларында қорғайды. Ақтөбелік Назерке Қарманова "Әлем аруы" байқауына барады. Анна Глубоковская Қазақстан атынан "Жер жүзі аруы" байқауына қатысса, Айдана Ақантаева "Жаһан аруы" байқауында ел намысын қорғайды.

Биыл байқау жиырма бесінші рет өткізілді. "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасованың айтуынша, ұйымдастырушылар мерейтойға байланысты қатысушы қыздарға қуаныш сыйлағысы келген.

"Ширек ғасыр бір жоба үшін ауқымды уақыт. Қазір барлық елде жағдай мәз емес. Сондықтан осындай сәтте адамдарға көңіл-күй, қуаныш сыйлауға ұмтылу қажет. Себебі қуаныш ертеңгі күннен үміт үзбейге жетелейді. Енді Қазақстан атынан "Әлем аруы", "Жер жүзі аруы" және "Жаһан аруы" байқауына бүгінгі жеңімпаздар барады. Бұл біздің елімізде жағдайдың жақсарып жатқанын, тұрақтылыққа қадам жасап жатқанымызды көрсетеді. Мұның тиімді жақтары көп, алайда ең алдымен қыздар мен барша қазақстандыққа қуаныш сыйлағымыз келді", - дейді "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті.

Байқау нәтижесі бойынша "Әлем аруы" байқауына қатысатын Назерке Қарманова қазір банк саласында жұмыс істейді.

Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында өзінің жеңіске жетемін деп ойламағанын айтты.

"Толқып тұрмын. Ұтамын деген ой болмады, себебі барлық қатысушы мықты, қыздар арасында бәсекелестік жоғары болды. Қазір өте қуаныштымын, ең алдымен ата-анама алғысым шексіз", - дейді Назерке.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда "Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауы өтті. "Қазақстан аруы" тәжі үшін 28 қатысушы бақ сынады.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
1/20
Алматыда "Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауы өтті. "Қазақстан аруы" тәжі үшін 28 қатысушы бақ сынады.
© Sputnik / Тимур БатыршинАрулардың өнерін виртуоз скрипкашы, дирижер, Марат Бисенғалиев, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы - 2013" Айдай Исаева, актер Тәуекел Мүсілім, баспагер Виктория Момынбаева, Effective Media Liaison басшысы Сұңқар Қарабалин, "Қазақстан Аруы" байқауының әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының директоры Совет Сейітов, "Қазақстан Аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасова, Almaty fashion week негізін қалаушы Алексей Чжен бағалады.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
2/20
Арулардың өнерін виртуоз скрипкашы, дирижер, Марат Бисенғалиев, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы - 2013" Айдай Исаева, актер Тәуекел Мүсілім, баспагер Виктория Момынбаева, Effective Media Liaison басшысы Сұңқар Қарабалин, "Қазақстан Аруы" байқауының әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының директоры Совет Сейітов, "Қазақстан Аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасова, Almaty fashion week негізін қалаушы Алексей Чжен бағалады.
© Sputnik / Тимур БатыршинБайқауға қонақ ретінде "Қазақстан аруы – 2019" байқауының жеңімпазы Мадина Батық шақырылған.
Қазақстан аруы – 2019 байқауы - Sputnik Қазақстан
3/20
Байқауға қонақ ретінде "Қазақстан аруы – 2019" байқауының жеңімпазы Мадина Батық шақырылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинБайқау финалына 28 қатысушы өтті. Оның ішінде өңірлерден іріктеліп шыққан жеңімпаздар мен талант, спорт, қайырымыдылық және сән әлеміне қатысты титулдарды жеңген бойжеткендер бар.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
4/20
Байқау финалына 28 қатысушы өтті. Оның ішінде өңірлерден іріктеліп шыққан жеңімпаздар мен талант, спорт, қайырымыдылық және сән әлеміне қатысты титулдарды жеңген бойжеткендер бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстанның ең сұлу қыздары финалды әдемі бимен бастады. Олар қазақы киім киіп бірінен соң бірі сахнаға шықты, артынша ырғақты биі арқылы сұлулық байқауын тамашалауға жиналған көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
5/20
Қазақстанның ең сұлу қыздары финалды әдемі бимен бастады. Олар қазақы киім киіп бірінен соң бірі сахнаға шықты, артынша ырғақты биі арқылы сұлулық байқауын тамашалауға жиналған көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазылар алқасының құрамында әнші Мәдина Сәдуақасова да бар. "Әлемді сұлулық құтқарады. Байқау кезеңдері барысында есте қалғаны – қыздардың жәутеңдеген көздері. Қыздардың көзі жанып тұр. Әрбір қыз өзін ең сұлумын деп есептейді және бұл солай болуы керек", - дейді Сәдуақасова.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
6/20
Қазылар алқасының құрамында әнші Мәдина Сәдуақасова да бар. "Әлемді сұлулық құтқарады. Байқау кезеңдері барысында есте қалғаны – қыздардың жәутеңдеген көздері. Қыздардың көзі жанып тұр. Әрбір қыз өзін ең сұлумын деп есептейді және бұл солай болуы керек", - дейді Сәдуақасова.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасованың айтуынша, биыл байқауды өткізу бұған дейінгі сайыстарға қарағанда қиын болған. "Бұл біз үшін ең қиын байқау болды. Себебі алғашқы күннен бастап коронавирусқа қатысты талаптарды сақтадық. Сондықтан аймақтық кезеңдер онлайн режимде өтті. Алматыда да қыздар әдеттегідей бір ай болған жоқ. Дайындық екі аптаға созылды. Коронавирусқа байланысты талаптар ұйымдастырушыларға да, қатысушы қыздарға да қиын тиді", - дейді ол.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
7/20
"Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасованың айтуынша, биыл байқауды өткізу бұған дейінгі сайыстарға қарағанда қиын болған. "Бұл біз үшін ең қиын байқау болды. Себебі алғашқы күннен бастап коронавирусқа қатысты талаптарды сақтадық. Сондықтан аймақтық кезеңдер онлайн режимде өтті. Алматыда да қыздар әдеттегідей бір ай болған жоқ. Дайындық екі аптаға созылды. Коронавирусқа байланысты талаптар ұйымдастырушыларға да, қатысушы қыздарға да қиын тиді", - дейді ол.
© Sputnik / Тимур БатыршинФиналда сұлу қыздар ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері киіп шықты.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
8/20
Финалда сұлу қыздар ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері киіп шықты.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚатысушылар көрермендерге таланттар шоуын ұсынды. "Астана аруы – 2019" Айзада Хабиболаева прима-қобызда Антонио Вивальдидің "Шторм" композициясын орындады.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
9/20
Қатысушылар көрермендерге таланттар шоуын ұсынды. "Астана аруы – 2019" Айзада Хабиболаева прима-қобызда Антонио Вивальдидің "Шторм" композициясын орындады.
© Sputnik / Тимур БатыршинSputnik Қазақстан - сұлулық байқауының ақпарат серіктесі және байқаудан шығып қалған 19 жастағы Полина Филимоноваға финалға қатысуға мүмкіндік сыйлады. Осылайша көкшетаулық бойжеткен финалда "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде орындады.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
10/20
Sputnik Қазақстан - сұлулық байқауының ақпарат серіктесі және байқаудан шығып қалған 19 жастағы Полина Филимоноваға финалға қатысуға мүмкіндік сыйлады. Осылайша көкшетаулық бойжеткен финалда "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде орындады.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Алматы аруы" Асият Исембаева "Кербез" ұлттық биін биледі.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
11/20
"Алматы аруы" Асият Исембаева "Кербез" ұлттық биін биледі.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Астана аруы – 2021" Айдана Ақантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін орындады.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
12/20
"Астана аруы – 2021" Айдана Ақантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін орындады.
© Sputnik / Тимур БатыршинБайқау барысында екінші кезеңге 15 қатысушы іріктелді. Оның ішінде 13 қатысушыны әділқазы алқасы таңдады.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
13/20
Байқау барысында екінші кезеңге 15 қатысушы іріктелді. Оның ішінде 13 қатысушыны әділқазы алқасы таңдады.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕкінші кезеңге таланттар байқауының бір жеңімпазы мен missqazaqstan.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы алдын ала таңдалған бойжеткен де өтті.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
14/20
Екінші кезеңге таланттар байқауының бір жеңімпазы мен missqazaqstan.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы алдын ала таңдалған бойжеткен де өтті.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚыздар Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
15/20
Қыздар Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты.
© Sputnik / Тимур БатыршинОдан кейін гранд-финалға бес қыз өтті. Оларды әділқазы алқасы таңдады.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
16/20
Одан кейін гранд-финалға бес қыз өтті. Оларды әділқазы алқасы таңдады.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазылар алқасының шешімімен "Қазақстан аруы – 2021" байқауында алғаш рет үш бойжеткен бірден жеңіске жетті. Үш жеңімпаз Қазақстан намысын халықаралық сұлулық байқауларында қорғайды. Анна Глубоковская Қазақстан атынан "Жер жүзі аруы" байқауына қатысады.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
17/20
Қазылар алқасының шешімімен "Қазақстан аруы – 2021" байқауында алғаш рет үш бойжеткен бірден жеңіске жетті. Үш жеңімпаз Қазақстан намысын халықаралық сұлулық байқауларында қорғайды. Анна Глубоковская Қазақстан атынан "Жер жүзі аруы" байқауына қатысады.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Нұр-Сұлтан аруы" Айдана Ақантаева "Жаһан аруы" байқауында ел намысын қорғайды.
Қазақстан аруы – 2021 байқауы - Sputnik Қазақстан
18/20
"Нұр-Сұлтан аруы" Айдана Ақантаева "Жаһан аруы" байқауында ел намысын қорғайды.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Ақтөбе аруы" Назерке Қарманова Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады. Ақтөбелік бойжеткен бес ай бұрын Алматыға келген, қазір банк саласында жұмыс істейді. "...Толқып тұрмын. Ұтамын деген ой болмады, себебі барлық қатысушы мықты, қыздар арасында бәсекелестік қатты болды. Қазір өте қуаныштымын, ең алдымен ата-анама алғысым шексіз", - деді Назерке байқау қорытындысы шыққаннан кейін.
Конкурс Мисс Казахстан 2021 - Sputnik Қазақстан
19/20
"Ақтөбе аруы" Назерке Қарманова Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады. Ақтөбелік бойжеткен бес ай бұрын Алматыға келген, қазір банк саласында жұмыс істейді. "...Толқып тұрмын. Ұтамын деген ой болмады, себебі барлық қатысушы мықты, қыздар арасында бәсекелестік қатты болды. Қазір өте қуаныштымын, ең алдымен ата-анама алғысым шексіз", - деді Назерке байқау қорытындысы шыққаннан кейін.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Қазақстан атынан "Әлем аруы", "Жер жүзі аруы" және "Жаһан аруы" байқауына бүгінгі жеңімпаздар барады. Бұл біздің елімізде жағдайдың жақсарып жатқанын, тұрақтылыққа қадам жасап жатқанымызды көрсетеді. Мұның тиімді жақтары көп, алайда ең алдымен қыздар мен барша қазақстандыққа қуаныш сыйлағымыз келді", - дейді "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті.
Фотода Айдана Ақантаева, Назерке Қарманова және Анна Глубоковская.
Финал конкурса Мисс Казахстан 2021   - Sputnik Қазақстан
20/20
"Қазақстан атынан "Әлем аруы", "Жер жүзі аруы" және "Жаһан аруы" байқауына бүгінгі жеңімпаздар барады. Бұл біздің елімізде жағдайдың жақсарып жатқанын, тұрақтылыққа қадам жасап жатқанымызды көрсетеді. Мұның тиімді жақтары көп, алайда ең алдымен қыздар мен барша қазақстандыққа қуаныш сыйлағымыз келді", - дейді "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті.
Фотода Айдана Ақантаева, Назерке Қарманова және Анна Глубоковская.
Жаңалықтар
0