Өңірлер

Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болған ресейлік босатылды

Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қарағанды полициясы құлдықта жүрген ресейлік туралы әлеуметтік желіден білген

АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында 44 жастағы ресейлік құлдықтан босатылды.

Ресей Федерациясының Ярославль облысының тумасы 20 жыл бойы Қарағанды облысы Шет ауданында қыстақта құлдықта болған, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділ Әбілдин 44 жастағы құл иеленушінің ұсталғанын хабарлады. Тергеу басталды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін Ресейдің Ярославль облысының тумасы Алексей Котов деп таныстырып, көмек сұраған ер адамның видеосы тарады.

"Мама, папа, мен жиырма жылдан бері тұтқында жүрмін, көмектесіңдер, Қазақстаннан кетуге көмектесіңдер", - дейді ол видеода.

Ол сондай-ақ Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы Мұхтар қыстағы мен сол жердің иесінің атын атайды.

Полиция құлдықта жүрген ресейлік туралы әлеуметтік желі арқылы білген.

Енді сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 126-бабы (бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша басталды.

 

Жаңалықтар
0