Өңірлер

Көліктер аударылып қалды: Жамбыл облысында не болып жатыр - видео

© SputnikТараз қаласындағы дауыл салдары
Тараз қаласындағы дауыл салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жамбыл облысында күн бұзылып, тұрғындарды әбігерге салды. Трассада қатты жел екпінінен көліктер аударылып қалса, Тараз қаласында ағаштар құлап, электр желілері зақымданды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында боранның салдарынан тас жолдар жабылып жатыр. Ал Таразда қатты жел электр желілерін зақымдап, қала тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне ескерту жасап, алыс жолға шықпауға өтініш жасады. Өңірде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейіп кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Азаматтарды ауа райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға және құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға шақырамыз. Ал ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс. Ондайда көліктің балама түрін пайдаланған жөн", - дейді полицейлер.

Әлеуметтік желіде кейбір тас жолдардың жабылғаны туралы ақпарат тарала бастады. Бір видеодан тіпті қатты желдің екпінінен Газель көлігінің аударылып қалғанын көруге болады. 

Ал Тараздың өзінде қатты дауылдың салдарынан жарық өше бастады. Құтқарушылардың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысандарда автономды энергия көздері қарастырылған. Ал тұрғын үйлерде жарық жоқ.

"Ия, дауыл салдарынан әр жерде жарық өшті. Мамандар жұмыс істеп жатыр", - дейді әкімдік қызметкерлері.

© SputnikТаразда дауыл тұрып, тұрғындарды әбігерге салды
Көліктер аударылып қалды: Жамбыл облысында не болып жатыр - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Таразда дауыл тұрып, тұрғындарды әбігерге салды

Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет Жамбыл облысындағы ауа-райына байланысты дабылды ескерту жасаған. Оған сәйкес, 17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қар жауады. Сосын солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ мен жаяу бұрқасын болады.

© SputnikТаразда қатты дауылдан ағаштар құлады
Көліктер аударылып қалды: Жамбыл облысында не болып жатыр - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Таразда қатты дауылдан ағаштар құлады

"Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ал екпіні секундына 23-28 метрге, кей кезде 30 метрге дейін жетеді", - дейді синопитиктер.

Жаңалықтар
0