НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент" жолы жабылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, жолдың нашар көрінуі) республикалық маңызы бар "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент" автожолы (Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейінгі 593-654 километр) автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Облыс полицейлері ауа райының тосын мінез танытып, бұрқасын болуына байланысты тұрғындар мен қонақтарға елді мекендерден тыс жерлерге, ұзақ жолдарға, іссапарларға шықпауға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: