Мәдениет

Түркия "Томирис" фильмінің желісі бойынша сериал түсіреді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАльмира Турсын на съемках фильма "Томирис"
Альмира Турсын на съемках фильма Томирис - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Қыркүйек айында массагеттер ханшайымы туралы кинотуынды Түркияның 200-ден астам кинотеатрында көрсетілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Түркия "Қазақфильм" киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген "Томирис" фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал түсіреді, деп хабарлады "Қазақфильм" студиясының баспасөз қызметі.

Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асыратын болады.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жақында Ыстанбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival түрік арнасының өкілдерімен кездесуінен кейін белгілі болды. Аталған басқосуға "Қазақфильм" киностудиясының басшылығы – президенті Ақан Сатаев пен вице-президент Айдар Баталов та қатысты.

Бүгін "Томиристің" тұсаукесері: қазақ киносының жаңа жұлдызы Альмира кім  

Айта кетейік, "Қорқыт ата" фестивалінің шымылдығын ашқан "Томирис" фильмі түрік жұртшылығына жақсы таныс. Қыркүйек айында массагеттер ханшайымы туралы кинотуынды Түркияның 200-ден астам кинотеатрында көрсетіліп, көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырды.

Фестиваль барысында түркі әлемі елдерінің кинематография саласындағы ынтымақтастығын дамытуға тың серпін беретін маңызды құжатқа қол қойылды. Келісімге мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Әзірбайжан Республикасының мәдениет министрі Анар Керимов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов, "Өзбеккино" ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов және Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой қол қойды.

"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады

Құжат аясында тараптар түркі әлемінің киноиндустриясын қолдауға бағытталған бірлескен қор құруға келісті.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильм" киностудиясының басшылығымен бірге белгілі түрік кинематографистерімен және фестиваль қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Түркияның мәдениет және туризм министрлігі алғаш рет ұйымдастырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты.

Байқау бағдарламасында "Қазақфильмнің" туындылары, оның ішінде режиссер Рүстем Әбдірашовтың "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмі, режиссер Бақыт Қайырбековтың "Огонь, мерцающий в сосуде" деректі фильмі, режиссер Адай Әбелдиновтың "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмі, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" кинотуындысы көрсетілді.

Жаңалықтар
0