Әлем

Лукашенко әлемге Польшаның көлеңкелі тұсын көрсетті

© AFP 2024 / LEONID SHCHEGLOV Мигранты на белорусско-польской границе
 Мигранты на белорусско-польской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Батыс БАҚ-тары босқындардың көшіне Ресей мен Беларусьті кінәлауға тырысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Адам құқығы жөніндегі Еуропа кеңесінің комиссары Нил Муйжниекс "суатқышты нөлден төмен температурада пайдалануға болмайды" деп мәлімдеді. Иә, бұл оның 2014 жылдың ақпанында Киевтегі Майданға барған кезде айтқаны. Муйжниекс сол кездегі Украина билігінің "шамадан тыс күш қолдануына" наразы болған.

Шамасы біз қазір Еуропа кеңесінен, оның ішінде қазір Amnesty International құқық қорғау ұйымының Еуропалық кеңсесінің директоры болып отырған бұрынғы комиссар Муйжниекстен сондай реакция күтуіміз керек. Бұл ұйым қауіпсіздік күштерінің су зеңбіректерін күн ыстық кезде қолдануына да қарсы болды, деп жазды РИА Новости.

Мигранты устроили давку во время раздачи еды на границе Беларуси и Польши - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Видео
Шекарада мигранттардың тамаққа таласы видеоға түсіп қалды
Алайда сейсенбіде поляк-беларусь шекарасында нөлге жақын температурада поляк қауіпсіздік күштері мигранттарға қарсы суатқыш пайдаланды. Мигранттар арасында балалар да болды. Алайда Еуропа кеңесі де, Amnesty International құқық қорғау ұйымы да Киев пен Гонконг әрекетіне қатысты жылдамдық танытқандай реакция білдірмеді. Ал БҰҰ олардың Польша шекарасында суатқыш қолдану фактісі расталғаны туралы мәлімет жоқ екенін айтты. Алайда дәл сол күні әлемнің барлық жетекші телеарнасының жаңалықтарында поляктардың суатқыш пен жарық-шу гранаталарын қолданғаны түсірілген видеолар көрсетілді.

Расымен де кей кадр объективті түрде жарияланбады. Мысалы, CNN тілшісі Мэтью Ченс поляк суатқышы мен улы заттарды қолданған химиялық шабуыл нысанасына түссе де, өз сюжетінде Таяу Шығыс мигранттары поляк шекарашыларына тас қана емес, бомбалар да лақтырады деп мәлімдеді.

Ал ВВС-дің мәскеулік тілшісі Стив Розенберг мигранттардың граната, бомба немесе снаряд қолданғанын байқамаған. Алайда ол поляктардың босқындарға қарсы арнайы құралдарды пайдалануына қатысты пікір білдіріп, бұған Минск кінәлі деген тұжырым жасады. Ол сол жерде тұрып "Бұл Александр Лукашенконың әлемге көрсеткісі келетін суреті. Беларусь Еуропаны қатал, адамгершіліктен ада етіп  көрсетуге тырысып жатыр" деді.

Егер беларустарда мұндай ой болса, олар ісін жүзеге асыра алды. Алайда сол жерде болған Ченс, Розенберг және олардың әріптестерінен "поляктардың суатқышы беларустікіне айналып, кінәсіз босқындарға атты ма? Әлде Еуропа қазір соншалық қатал болғандықтан, суық кезде адамдарға су шашуға рұқсат берген бе? деп сұрау керек шығар.

Польшаның өзінде де әскери күштердің әрекетіне қарсы адамдар да табылды. Мысалы, шекарашылардың баласы бар әйелдерді сым байланған жерден лақтырып жатқан видеоға қатысы поляк актрисасы әрі әншісі Барбара Курдей-Шатан наразылық білдірді. Ол кей отандасын "жүрегі жоқ, миы жоқ машиналар. Бұйрықты орындайтын машиналар. Қанішерлер!" деді.

Осыдан кейін танымал актриса әртүрлі тараптан қудалауға ұшырады. Оның соңына прокуратура мен антиполонизмді бақылау орталығы түсті. Ал әділет министрі Збигнев Зебро жанжалға қатысты пікір білдіріп, "поляк мемлекетіне немесе біздің еліміздің имиджіне қарсы тыңшылық сипатындағы әрекеттері үшін" жауапкершілікті күшейту мақсатында елдің Қылмыстық кодексіне түзетулер дайындап жатқанын айтты.

босқындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Әлем
Ауғанстанның 23 миллион тұрғыны аштықтан өлуі мүмкін – БҰҰ
Министр актрисаның қауіпсіздік күштерінің балаларға қарсы варварлық әрекеттеріне наразылығы іс-әрекеттің өзінен гөрі елдің имиджін бұзады деп санайды. Алайда суық күнде суатқыш қолданған кезде ел имиджін бұзу үшін басқа әрекеттің қажеті де жоқ. Актрисаға қауіп төнген соң ол шекарашыларға қатысты сөзінен бас тартып, кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Польша азаматтары биліктің мигранттарға қатысты қатыгез әрекетіне қатысты сын айта алмайды. Сондай-ақ "босқындар" сөзін поляк билігі мен БАҚ айналып өтуге тырысады.

Сондықтан поляк БАҚ-тарында шекарада туындаған проблемалардың нақты себептерін талдайтын материалдар жоқ. Неміс саясаткерлері Еуропада Польша арқылы өтіп жатқан адамдар екенін айта алады. Бранденбург жерінің ішкі істер министрі Микаэль Штюбген: "бұл гибридті соғыс. Бірақ босқындар – адам. (...) Біз гуманитарлық міндеттерімізді орындауымыз керек" деді. Демек, босқындардың да адам екенін еске салатындай күйге жеткен Еуропаның хәлі мүшкіл болғаны.

Дәл сол себепті босқындардың көшіне батыс БАҚ-тары Ресейді және Беларусьті кінәлауға тырысып жатыр. Алайда ішінара ғана біздің көз алдымызда болып жатқан адам трагедиясының нақты себебі неде деген сұрақ қойды, мыңдаған адамның тұрғылықты жерін тастап, мүлде бөтен елге бет алу себебін білуге ұмтылды. Соның бірі – Ирактың Күрдістанынан тікелей репортаж жасаған голландиялық NRC газеті.

Дәл осы репортажды Еуропадағы және Польшадағы босқындарды үйлеріне қайтуға шақырған адамдарға көрсеткен жөн. Олар сонда ғана көпшіліктің қайтып оралатын жері жоқ екенін біледі. NRC 37 жастағы күрдпен сөйлескен, ол өзі, әйелі және үш баласына билет сатып алу үшін үйін сатқан, алайда әлі де ақшасы жетпейді. Осы тұста оларды мұндай әрекетке Лукашенко немесе Путин итермелемегенін ескеру қажет, деп жазды басылым.

Владимир Путиннің жақында берген сұхбатында дағдарысқа кім жауапты екенін еске түсіргені кездейсоқ емес: "бұл батыс елдерінің өздері, Еуропа елдері жасаған әрекеттің салдары. Олар саяси, әскери және экономикалық сипатқа ие. Әскери адам Ирактағы операцияларға қатысты, ал қазір Ирактан келген күрдтер көп; Ауғанстанда жиырма жыл соғысты, ал қазір ауғандықтар көбейіп жатыр". Ауғанстандағы жағдай нашарлаған сайын босқындар ағымы көбейетініне күмән жоқ. Поляктар қазірдің өзінде ауғандар оларға Орта Азиядан ұшады деп отыр. Еуропада бұл адамдарға суатқышы жеткілікті ме, әлде мәселемен сол жерде күреспеу қажет екенін түсіне ме?

Ресей Еуропаны адамдарға қатысты қатыгездіктен бас тартып, басқа жолмен жүруге шақырып отыр. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров поляктардың әрекетін қабылдауға келмейтін әрекет деп бағалады.

Сондықтан еуропалық комиссарларға, сондай-ақ көптеген құқық қорғаушыға суықта суатқыш қолдануға жол берілмейтіні туралы еске салу қажет.

Жаңалықтар
0