Өңірлер

Елорда көшесінде жүргізуші куәлігінсіз жүрген жасөсіпірім ұсталды

© Photo : pixabay.comКлюч зажигания от автомобиля в руке молодого мужчины, иллюстративное фото
Ключ зажигания от автомобиля в руке молодого мужчины, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Патрульдің полиция Республика даңғылы бойында жол ережесін өрескел бұзған "ВАЗ 2114" маркалы автокөлікті байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Елорданың тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жасөспірімді ұстады. Ол жүргізуші кәулігі болмаса да, рөлге отырған. Ал Ресейден сатып алынған көлікке жалған нөмір тағып жүрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, патрульдің полиция Республика даңғылы бойында жол ережесін өрескел бұзған "ВАЗ 2114" маркалы автокөлікті байқаған. Жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, үлкен екі сызықты кесіп өткен.

"17 жастағы жасөспірімнің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ болып шықты. Сонымен қатар, ресейлік тіркеудегі автокөлік қалада жалған қазақстандық нөмірмен жүрген", - дейді полицейлер.

Кәмелет жасқа толмаған жүргізуші жалған нөмірлерді тауып алдым деп ақталды. Полиция тексеріс шараларын бастады.

Жасөспірім астанадағы колледжердің бірінде оқиды. Оны өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына орналастыруға шешім қабылданды. Жас жігіттің ата-анасы Қостанай облысында тұрады.

"Олар келген бойда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілетін болады. "ВАЗ 2114" автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0