Қоғам

Вакцина алмаған балаларды сауда орталықтарына кіргізбеуі мүмкін бе

© Sputnik / Ксения ВоронинаПортативный тепловизор у сотрудника торгово-развлекательного центра
Портативный тепловизор у сотрудника торгово-развлекательного центра  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қазір елде 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде Pfizer-мен вакциналау науқаны басталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Сауда орталықтарына вакциналанбаған балаларды кіргізуге шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі таңда тек ересектер үшін ғана шектеу бар. Болашақта балалар үшін осындай шектеу енгізу қарастырылып жатыр", - деді Цой үкімет кулуарында журналистерге.

Айта кетері, қазір елде 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде Pfizer-мен вакциналау науқаны басталды.

15 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" статустағы адамдар кіреді. Бұрын мұндай шектеу демалыс күндері енгізілсе, енді жұмыс күндері де қолданылады.

Жуырда Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір бұл препаратпен вакциналау 7 өңірде – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында басталды.

Бүгінгі таңда 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйелге Pfizer вакцинасы егілді.

Жаңалықтар
0