Видео

Құтқарушылар қысқа қалай дайындалып жатыр – видео

Жазылу
Yandex newsTelegram
Құтқарушылардың іздеу топтары аязды түнде адасып кеткен адамдарды табу үшін Нұр-Сұлтан маңындағы елсіз далаға шықты

Құтқарушыларға қызметтік иттер көмектесті – иісшіл иттер денесі жансыздана бастаған ер адамды тапты, ол дереу зембілмен жылы автокөлікке жеткізілді. Елордада "Қыс-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы осылай өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары мен коммуналдық қызметтері елордада және оның маңайында әр қыста болатын аса қолайсыз ауа райы жағдайында бірлесіп дайындық жүргізді.  

Жоспар бойынша бес алаңда "Қыс-2021" оқу-жаттығуы өткізілді, онда зардап шеккендерді эвакуациялау, құтқару құралдарының көмегімен адамдарды автокөліктен құтқару, жолды тазалау, жоғалған азаматтарды іздеу, жылыту пункттерін ашу және медициналық-психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.

Бүгінге дейін елорданың коммуналдық қызметтері көктайғаққа қарсы 154 тонна реагент, үш мың тоннадан астам техникалық тұз, үш мың текше метрден астам құм қорын жасақтады. Әкімдіктің хабарлауынша, жолдар мен көшелерді қардан тазалауға 500 бірлік техника мен 1300 жұмысшы дайын тұр.

Кәсіби авариялық-құтқару жасақтары мен ішкі істер органдарынан жеке құрамның 266 адамы, 57 бірлік техника тартылады. Сонымен қатар зардап шеккендерді уақытша орналастыруға арналған 1000 орындық 10 пункттің дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға қалалық азаматтық қорғау қызметінен 119 адам мен 27 техника жұмылдырылды.  

Жаңалықтар
0