Олар республикалық байқаудың финалына жеткенге дейін аймақтық деңгейде қатаң іріктеуден өтті.
Құрамына әнші Мадина Сәдуақасова, актер Тәуекел Мүсілім, стилист және Kazakhstan Fashion Week негізін қалаушы Алексей Чжен, 2013 жылғы Қазақстан аруы және тележүргізуші Айдай Исаева, Қазақстан аруы және публицист Виктория Момынбаева, қоғам қайраткері Совет Сейітов, "Қазақстан аруы" директоры Алена Қырбасова және бүкіл әлемге танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев ақтық сынға жолдама алатын он үш аруды анықтайтын болады.
12 қарашада басталған онлайн дауыс беру арқылы тағы бір бойжеткеннің тағдыры шешеді. Дарындылар байқауының жеңімпазы да финалға шығады. Sputnik Қазақстан алдыңғы кезеңде байқаудан шығып қалған қатысушылардың бірі – Полина Филимоноваға жарысқа қайта оралуға көмектесті.
"Қазақстан аруы 2021" байқауына кімдер қатысатынын суреттер топтамасынан көре аласыз.
Өзіңізге ұнаған қатысушыға байқаудың ресми сайты арқылы дауыс беруге болады.