Өңірлер

Жоқ пәтерлерді жалға берген павлодарлық ұсталды

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде өзін қыз ретінде таныстырған ер адам жалға беру сомасының жартысын алып, жұртты тақырға отырғызып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Құқық қорғаушылар аңғал павлодарлықтарға жоқ пәтерді жалға берген Абай қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының 32 жастағы тұрғыны да осы алаяқтық құрығына ілініп қалған. Ұзақ мерзімге пәтер жалдамақ болған ол хабарландыру сайтынан өзіне ұнаған баспананы іздеп тапқан. Мессенджерде хабарлама алмасу кезінде жалға беруші өзін Оксана есімді қыз ретінде таныстырып, анасы Ресейде тұратындықтан, Павлодардағы пәтерді ұзақ мерзімге жалға беретінін хабарлаған. Ол пәтерақының жартысын алдын ала төлесе, қалаға келіп, пәтер кілтін табыстаймын деп мәлімдеген. Ештеңеден күдіктенбеген павлодарлық әйел тиісті ақшаны бірреттік абонент нөміріне аударғаннан кейін "жалға беруші" байланысқа шықпай қойған.

Киберқауіпсіздікпен күрес бөлімінің қызметкерлері Абай қаласының (Қарағанды облысы) 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті 2021 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында түрлі абоненттік нөмірді пайдалану арқылы хабарламалар сайтында жоқ пәтерді төмен бағаға "жалға беріп келген". Ол мұндай алаяқтық әрекетін республиканың әр қаласында іске асырып, қазіргі уақытта осы тектес 50 қылмыс жасағанын мойындады.

Оны қолға түсіру кезінде үш ұялы телефон, алты сим-карта, жеке куәліктердің суреттері бар компьютер тәркіленді. Қазіргі уақытта оның қатысы бар басқа да қылмыстық эпизодтар анықталып жатыр.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған үш жылдан жеті жылға дейін бостандығынан айыру немесе дәл осы мерзімге бостандығын шектеу және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Алаяқтардан қалай сақтануға болады

Полицейлер пәтерді жалға алу кезінде белгілі бір ережені ұстанып, алаяқтықтан сақтануға кеңес береді.

  • Арзан бағаны іздесеңіз, алаяқтарға тап болу қаупі артады.
  • Баспана іздеу барысында сенімді әрі белгілі жылжымайтын мүлік агенттіктерінің қызметіне жүгінген дұрыс.
  • Мамандардың қызметінен бас тартып, баспананы өз бетіңізше іздеген жағдайда да, жалға алу келісімшартының әзірленуін талап етіңіз.
Жаңалықтар
0