АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 2015-2020 жылдар аралығында Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 1 709 отбасы (6 033 адам) қоныс аударды.
Қаңтардан бастап қазірге дейін солтүстік өңірлерге 385 отбасы (1 745 адам) қоныс аударды, деп хабарлады Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.
Қазірге дейін қоныс аударушылардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамтылған. Ал өз кәсібін бастап, егін, мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге жер учаскесі беріледі.
Облыс бойынша "Еңбек "мемлекеттік бағдарламасы арқылы қазірге дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 85 942 адам қатысты.
"2021 жылдың бірінші қарашасындағы жағдай бойынша 1 872 жаңа жұмыс орны құрылды, 1 377 адамға міндетті зейнетақы жарналары аударылды. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 886 адам жіберілді. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асыру мақсатында қазір 225 адам жіберілді. Сонымен қатар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2 501 адамға қызмет көрсетілді", - деді Әсия Темірбаева.
2021 жылдың бірінші қарашасындағы жағдай бойынша облыста 41,5 отбасыға 11,2 миллиард сомасында атаулы әлеуметтік көмек берілді. Оның ішінде еңбекке жарамды 64 656 адамның 47 мыңы жұмысқа орналастырылды.