Өңірлер

Шымкентте егіздердің саны күрт өсті

© Photo : pixabay.comДети, иллюстративное фото
Дети, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Жыл басынан бері Шымкентте 30 мыңға жуық сәби өмірге келген

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Осы жылдың басынан бері Шымкентте 305 егіз туған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 100 балаға көп, деп жазды Otyrar.kz.

Мегаполисте 2021 жылы 29 105 нәресте дүние есігін ашса, оның ішінде 14 105 – қыз және 15 000 – ұл бала. Негізінен елдегі демографиялық көрсеткіш бойынша Шымкент әркез көш бастап келеді.

Жалпы егіздер санының артуы тек Шымкентте ғана байқалып отырған жоқ.

Ресми мәлімет бойынша жыл сайын әлемде 1,6 миллион егіз туады екен. Ғалымдардың айтуынша, өткен ғасырдың 1980-жылдарынан бері бұл дерек үш есе өскен.

Sputnik Қазақстан бұған дейін тәуелсіздік жылдарында елдегі халық саны 2 миллион 557 мың адамға (15,5%-ке) ұлғайғанын және 2021 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша 19 миллион 9,6 мың адамға жеткенін хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0