Өңірлер

Алматыдағы бес адамның қазасы: күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Тимур БатыршинОцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя
Оцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Прокуратура Дужновты қамауда ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірді

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Тергеу сотының 2021 жылдың 12 қарашасындағы қаулысына сәйкес прокуратураның өтініші қанағаттандырылды, И.Дужновқа қатысты қамауда ұстау мерзімі үш айға дейін, яғни 2021 жылдың 20 желтоқсанына дейін ұзартылды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін тергеу сотының шешімімен Дужнов екі айға қамауға алынған.

Алматыдағы атыс

20 қыркүйек кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ атты. Бес адам қайтыс болды: екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның өкілі.

Игорь Дужнов ұсталды, "кісі өлтіру" және "құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық" бабы бойынша қылмыстық істі тергеу басталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктінің отбасына тиесілі тұрғын үй оның алдында банкке қарыз бойынша сатылған. Үй үшінші тарапқа сатылған. Үйдің бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді босатқысы келмеген.

Оқи отырыңыз: "Өкінемін, не істегенімді түсінбедім": Алматыда 5 адамды өлтірген адамның соттағы сөзі

Сотта Дужнов адамдардың өліміне байланысты өкінетінін айтты. Ол мұндай жағдайға "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері" себеп болғанын айтты.

Күдіктінің әйелі Анаид Демирчян да мәлімдеме жасады. Ол жылжымайтын мүліктің арзанға сатылғанын алға тартты. Ол сондай-ақ сот орындаушысының әрекетіне шағымданды.

Жаңалықтар
0