Оқиға

Екі адам көз жұмды: Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында 5 көлік соқтығысты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневНоябрьский снегопад в Нур-Султане
Ноябрьский снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып кетті, қажетті сараптамалар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында бес бірдей көлік соқтығысып қалды. Жол апатында екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай жексенбі күні кешкі уақытта болған. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы барды. Жолды жауып тастауға тура келді. Содан үлкен көлік кептелісі басталды. Түнге қарай тасжолды ашты.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы ("Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.

Айта кетері, осы бапта белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0