Өңірлер

20°C -қа дейін суық: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, снег
Алматы, снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Қазгидромет 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Солтүстік өңірлерде қар түрінде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын болуы мүмкін.

17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

18 қарашада республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.

Солтүстік-батыста түнде -12...-17°C аяз, күндіз -7...-12°C аяз болады. Солтүстікте, орталықта түнде -13...-20°C, күндіз -5...-15°C аяз болады.

Шығыста түнде -6...-18°C, күндіз -1...-10 °C аяз болады.

Оңтүстік өңірлерде түнде -5...-13°C, күндіз -5...+5°C болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 16 қараша қар жауады, түнде -7, күндіз -3°C суық болады. 17 қарашада күн бұлтты болып, ауа температурасы түнде -10, күндіз -6°C көрсетеді. 18 қарашада қар жауады, түнде -14°C, күндіз -6°C болады.

Алматыда 16 қарашада күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +6°C болады. 17 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +10°C жылы. 18 қараша қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -5, күндіз -2°C төмендейді.

Шымкентте 16 қарашада күн ашық, түнде 0°C, күндіз +13°C жылы. 17 қараша қар аралас жаңбыр жауады, түнде -2°C, күндіз +13°C жылы. 18 қарашада түнде -8, күндіз +1°C болады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0