НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Ірімшік сүйек пен тістің мықтылығына тікелей жауап беретін өнім. Оның пайдалы қасиеттері туралы РИА Новости агенттігіне дәрігер-диетолог Татьяна Разумовская айтып берді.
Ірімшік ақуызға бай. Оны күнделікті тұтыну ағзаға тек оң әсер етеді, дейді маман.
Пармезан ірімшігінің 100 граммында 23 грамм ақуыз болса, гауда ірімшігінде оның мөлшері 23 грамм, ал сиыр етінде 18-20 грамм ақуыз бар.
"Ақуыз ағазаны түзейтін ең қажетті өнім. Оның тапшылығын бет пен аяқтың ісінуінен, жиі сырқаттанудан, шаршаңқылықтан байқауға болады. Белсенділігі орташа дені сау адамға тәулігіне 45-55 грамм ақуыз қажет. Сондықтан күнделікті рационға ірімшіктің қандай түрін болсын қосу ағзаны ақуыз тапшылығынан сақтайды. Бұл сау тіс пен сүйектің кепілі", - дейді маман.
Сонымен қатар ірімшік калорияға бай болғандықтан, ол адамның ұзақ уақыт тоқ жүруіне мүмкіндік береді. Сондықтан ірімшікті тұтынған адам тәттіге әуес болмайды. Осылайша дұрыс тамақтану, ағзада холестерин мен қант мөлшерінің қалыпты болуына жағдай жасалады.