Оқиға

Ақмола облысында сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанВоенные учения
Военные учения - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Сарбаздың жоғалып кеткені туралы полицияға 12 қарашада әскери бөлім кезекшісінің көмекшісі хабарлаған

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 55209 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалған 21 жастағы сарбазға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 12 қарашада 55209 әскери бөлімі кезекшісінің көмекшісі сарбаздың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

"Ол жеке құрамды кешкі тексеру кезінде сағат 19:30-да жедел қызметтің А. есімді әскери қызметкерінің жоқ екені анықталғанын айтты", - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұл сарбаздың Түркістан облысынан мерзімді әскери қызмет атқаруы үшін 2021 жылдың 4 қарашасында Ақкөл әскери бөліміне келгені хабарланды.

"Тексеру барысында 12 қарашада сағат 19:30 шамасында ол бөлімді өз еркімен тастап кеткені анықталды. Бірге қызметін өтеушілер арасында қайшылықтар болмаған", - делінген құжатта.

Кейінірек қорғаныс министрлігі жоғалған сарбазға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

"Ақмола гарнизонының 55209 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А. 2021 жылдың 12 қарашасында кешкі түгендеу кезінде болмаған. Сарбаз Қарулы Күштер қатарына 2021 жылдың қараша айында шақырылған. Әскери бөлім командирі жоғалған сарбазды іздеуге қажетті шараларды қабылдады.
Әскери қызметші тәулік ішінде аман-есен табылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қорғаныс министрлігі аталған факті бойынша әскери полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0