НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Парижде өткен әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан футбол құрамасы 0:8 есебімен ойсырай ұтылды.
Бұл әлем чемпионатына іріктеудегі соңғы матчы болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Матч алдында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар футболшылардың жарақат алғанын айтқан болатын. Қазақстан құрамасында негізгі ойыншының бірі Бақтиер Зайнутдинов қана емес тағы бірқатар футболшының жарақат алғаны белгілі болды.
"Бізде тек қана Зайнутдинов қана емес, Ян Вороговский мен Георгий Жуков, Сергей Малый мен Азат Нұрғалиевтердің де жарақаты бар екенін айтайын. Сосын, Логвиненконың да кішігірім жарақаты бар екен. Рамазан Оразовтың аяғы қатты ауырып, дәрігер бұл футболшыға сенім артпай-ақ қойыңыз деп айтты", - делінген бас бапкердің құрамының ресми сайтында жарияланған сұхбатында.
Оқи отырыңыз:
"Астана" бас бапкердің екі жылға шеттетілуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қызуқанды екен: матч кезінде бапкер төрешіні бетінен ұрды – видео