Қоғам

Қазақстанда вакцина салдырған қанша адам індеттен қайтыс болды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуПациент на операции по удалению злокачественной опухоли, архивное фото
Пациент на операции по удалению злокачественной опухоли, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
2021 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында вакцина алған 930 адам коронавирустан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салғызғандар арасында қанша адам індеттен қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2021 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында вакцина алғандар арасында 930 адам көз жұмды. Вакцина салдырмағандар арасында 13 165 адам қайтыс болды. Яғни, вакцина алмағандар арасында өлім-жітім 16 есе көп", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырғандар арасында 40 734 адам вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

"Егер 1 ақпаннан бастап есептесек, ауырғандар арасында 96%-і – вакцина салғызбаған азаматтар. Яғни, небәрі 0,4%-і – вакцина салдырғандар. Бұл вакцинацияның тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр", - деді комитет басшысы.

Қазақстанда вакциналау науқаны осы жылдың 1 ақпанында басталды. 12 қарашадағы мәлімет бойынша I компонент 8 501 375 адамға, II компонент 7 777 468 адамға егілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0