АЛМАТЫ, 12 қараша — Sputnik. Плацентасы мерзімінен бұрын ажыраған жүкті әйел 10 қарашада Орал қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Көп қан жоғалтқандықтан, оның жүрегі тоқтап қалды, деп жазады "Мой ГОРОД" порталы.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, 42 жастағы әйел үшінші рет босануға тиіс еді.
"Ауруханаға түскен кезде әйелдің жағдайы ауыр болды. Өйткені өте көп қан жоғалтқан, ұрық құрсағында шетінеп кетті. Акушерлік эмболия жағдайы туындады. Босандыру жүргізілген кезде клиникалық өлім болды. Жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, жүрек жұмысы қалпына келтірілді ", - деді Балықов.
Алайда кейін жүрегі тағы да тоқтап қалып, әйел көз жұмған.