АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай облысы "сары" аймаққа өтті. Соңғы бір тәулікте облыста 116 адамнан коронавирус табылған.
12 қарашадағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Қазақстанда өткен тәулікте 1260 адамнан коронавирус анықталды.
Ішінде Солтүстік Қазақстан облысы (161 адам), Алматы қаласы (146 адам) және Қарағанды облысы (135 адам) науқастар саны бойынша көш бастап тұр.