Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жолақы төлеу жүйесі жаңарады

© Sputnik / Абзал КалиевПассажиры в салоне автобуса, архивное фото
Пассажиры в салоне автобуса, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Жаңа жүйе №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ, қала маңына қатынайтын №309, 310 пен 315-бағдарларда сынақтан өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Елордада қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің жаңартылған электрондық жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Алдағы уақытта көлік карталарын толықтырудың онлайн қызметі іске қосылады. Бұдан бөлек, банк карталарымен жолақысын төлеуге мүмкіндік болады.

"18 қазаннан бастап бірнеше бағытта жүретін автобустарда кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру ақысын төлеу жүйесі пилоттық режимде қолға алынған болатын. Соның аясында жолаушы VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Транзакция үшін валидатордың жанында арнайы терминалға орнатылған", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, жаңа жүйе №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ, қала маңына қатынайтын №309, 310 пен 315-бағдарларда сынақтан өтіп жатыр.

"Бұл жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді, барлық тариф өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, жүйені жаңарту тек инвестор есебінен жүзеге асырылатын болады, яғни бюджеттен ақша жұмсалмайды", - дейді "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Бүгінгі таңда қызмет көрсетушілер арасында үш компания бар. Олар: "Innoforce solutions" ЖШС (Avtobys), "SMSBUS" ЖШС мен "Технодата" ЖШС.

Мысалы, "Innoforce solutions" ЖШС өзінің Avtobys.kz мобильді қосымшасын ұсынып отыр. Соның көмегімен қоғамдық көлікте жол ақысын инновациялық және ыңғайлы тәсілдермен - Bluetooth, QR, NFC мен банк картасымен төлеуге болады.

Bluetooth - жол ақысын төлеудің бірегей және ыңғайлы тәсілі, ол валидаторға жақындамай, жол ақысын екі рет басу арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Сол сияқты "SMSBUS" ЖШС мен "Технодата" ЖШС банк карталарынан бөлек QR, NFC, Apple Pay, Samsung Pay және тағы басқа төлем жасау жолдарын ұсынып отыр.

Жаңалықтар
0