Әлем

Жақын арада ірі мегаполистердің бірі су астында қалуы мүмкін

CC0 / stokpic / География
География - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Жаһандық жылыну салдарынан 2050 жылға қарай Оңтүстік-Шығыс Азия елінің астанасы су астында қалады

АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. 2050 жылға қарай Индонезия астанасы және оның ең үлкен мегаполисі Джакарта су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ұлттық зерттеу және инновациялар агенттігі.

Мамандардың айтуынша, егер жаһандық жылынудың салдарын азайту үшін қажетті шара қабылдамаса, қаланың кем дегенде 25%-ін елуінші жылдарға қарай су басады, деп жазды РИА Новости.

Жаһандық жылыну Антарктика, Гренландия және Гималайдағы мұздың еруіне әкеледі. Бұл біртіндеп мұхит деңгейін жоғарылатып, жағалау аймағына қауіп төндіреді.

Жағдай климаттың өзгеруі және қатты жаңбырға байланысты күшті циклондар мен толқындар әсерінен нашарлайды.

"Бұл мәселелерді шешу үшін көп күш салу керек", - делінген мақалада.

Богор ауылшаруашылық университетінің (IPB University) кейінгі зерттеулері 2019-2020 жылдары Джакартаның түрлі аймағында 1,8-10,7 сантиметр су басу қаупі төнгенін көрсетті.

Бұл құбылыс себептерінің бірі – қала тұрғындарының жер асты суын жаппай пайдалануы. Осылайша ел астанасының асты бос қалып, топырақтың түсуіне себеп болады.

Сонымен қатар мұхит деңгейі өсіп жатыр: қазір ол 1900 жылмен салыстырғанда 13-20 сантиметрге жоғары.

Жаңалықтар
0