НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жастағы Владислав Грековқа үкім шығарды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурор айыпталушыға 11 жыл бас бостандығана айыру жазасын сұрады.
"Сот айыпталушының кінәсін мойындағаны мен істеген қылмысы үшін өкінетіндігін және қылмыстың алкогольдік ішімдік ішіп жасалғаны мен оның егде жастағы адам екенін ескерді. Сот айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот жәбірленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды.
Зейнеткер оған 1 млн теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс.
Үкім заңды күшіне енді.
Естеріңізге сала кетейік, 73 жастағы зейнеткер Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 30 рет балтамен ұрып өлтірген.
Оқиға 27 шілде күні күзетшілерге арналған шағын үйде болған. Оқиға болардан бір күн бұрын ұлы әкесінен ақша сұрап сол жерге келген. Зейнеткер ақша бермеген. Ұлы әкесінің күзет бөлмесінде сыра ішіп ұйықтап қалады. Таңертең әкесі ұлын оятпақ болады, ол қарсылық білдіріп, жанжал шығарған. Ашуға булыққан Греков қолына балта алып, 11 рет ұлының басы мен мойнынан ұрған.
Ол кінәсін мойындады. Алайда оны 11 емес, 3 рет ұрғанын айтқан. Сотта ол өзіне өлім жазасын тағайындауды сұрады.