Әлем

Ғалымдар ағзадағы COVID-19 концентрациясын азайтатын қоспа ойлап тапты

© AP Photo / Rebecca BlackwellМедики надевают защитные костюмы перед началом смены в больнице с коронавирусом
Медики надевают защитные костюмы перед началом смены в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Ресей қорғаныс министрлігінің 27-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ағзадағы COVID-19 концентрациясын 16 есе қысқартатын биоактивті қоспа әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің 27-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары "КовБАД" атты айрықша биологиялық активті қоспа дайындады. Ол қоспа науқас ағзасындағы COVID-19 концентрациясын 16 есе төмендете алады. Бұл туралы "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кириллов мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

"Қоспаның COVID-19-ға қатысты тиімділігі бағаланғаннан кейін қарашаның басында Биоактивті қоспалардың бірі мемлекеттік тіркеуден өтті және сәйкес куәлік алынды. Біз жүргізген эксперименттер "KovBAD" деп аталатын биологиялық активті қоспаны тағамға қосып тұтынғаннан кейін екінші күні мұрын-жұтқыншақтағы вирустың мөлшері екі есе азаятынын, ал алтыншы күні оның концентрациясы 16 есеге төмендегенін көрсетті. Соның нәтижесінде вирустың адам ағзасына әсері де азаяды, ауру асқынуы бәсеңдейді", - деді ол.

Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу институтында әзірленген биоактивті қоспаның негізгі ингредиенті ретінде арониа, эхинацея, фукоидан сығындылары, Тынық мұхиты кальмарының гидролизаты және ағзаның вирусқа қарсы қорғанысын арттыратын басқа да табиғи заттар қолданылды.

РФ қарулы күштерінің ғылыми мекемелері пандемия басталған шақтан бері коронавирусқа қарсы құрал дайындау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Осылайша 48-ші Орталық радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты Гамалея орталығымен бірлесіп "Спутник V" вакцинасын дайындауға атсалысты. Сонымен қатар институт мамандары коронавирусқа қарсы сағыз түрінде вакцина дайындап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0