Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны келіні не істеп жүргенін полицейлерден білді

© Sputnik / Тимур БатыршинПожилая женщина несет в пакете продукты
Пожилая женщина несет в пакете продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Тексеру жұмыстары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны үйінен ұстады. Жас келін бұған дейін де сотталғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Түркістанда енесінің атынан кредит алған келін ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ордабасы ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзінің атынан бейтаныс біреу 880 мың теңге кредит алғанын хабарлаған.

Жәбірленуші әйел банктен хабар келгенде өзге біреудің кредит алғанын білген. Содан тез арада полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қылмыстық кодекстік 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.  

Ордабасы ауданының полицейлері қылмысты ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, оны үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің бұдан алдын да ұрлық жасап, сотталғаны анықталды.

Күдікті енесінің атынан кредит рәсімдеп, ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан.

Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0